>> Билік >> Өскемен қ.
Жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін бағыттау, ішкісаяси істердің мемлекеттік реттелуі.
Өскемен қаласының қаржы балансы және әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық, индикативтік жоспарларын, экономикалық бағдарламасын құруға қатысу, қала бюджеті жобасының қалыптасуына ат салысу, бюджеттік кодекске сәйкес қала қаржысын басқару саласында бірыңғай мемлекеттік қаржы саясатын жүргізу.
Өскемен қаласы аумағында мемлекеттік сәулет,қала құрылысы саясатын жүргізу, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамассыз ету; қала және қаланың шет аумақтарына құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік нормалардың және белгілі тәртіппен бекітілген сәулет және қала құрылысы құжаттарының толық болуын қадағалау.
Қала аумағындағы құрылыс бағдарламаларын дамыту, барлық құрылыс комплекстерінің іс- әрекеттерін бағыттау, жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жұмыстарына, капиталды құрылыс базасының дамуы бойынша әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы жоспарының құрылуы мен келісілуіне қатысу.
Экономика саласында қала көлеміндегі мемлекеттік биліктің өкілеттігінің жалпы принциптерін іске асыруды өндіру, қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуының бағдарламасын, жоспары мен болжамдарын құру және іске асуына бақылау жасау.
Тұрғын аймақты ұстау және қала өмірін инженерлік дамыған, қалыпты жұмыс істейтін жүйемен қамтамассыз ету. Бюджет саласы мекемелеріне және халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасы мен деңгейінің тұрақтылығын қамтамассыз ету үшін коммуналды сала кәсіпорындарымен бірлесіп жұмыс атқару. Мемлекеттік тұрғын қорын бөліп беру және мазмұны мен есебін қамтамассыз ету. Коммуналды сала бойынша тапсырыс берушінің құрылыс объектілерін қайта құру функцияларын орындап, коммуналды шаруашылық объектілерін қайта құруға және құрылыс жобаларын дайындауға құқық беретін конкурстық тендер құжаттарын дайындайды.
Жұмыссыз азаматтарды тіркеу, қабылдау және есепке алу; халықтың еңбек етуіне жағдай жасау; төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; оқу орындарының түлектеріне Жастар тәжірибесін ұйымдастыру; "Әлеуметтік жұмыс орындары" бағдарламасының орындалуына, халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал ету; вакансиялар жәрмеңкесін өткізу т.б жүзеге асырады.
Қала азаматтарын білім алу конститутциялық құқығымен қамтамассыз ету; мектепке дейінгі, орта, мамандандырылған-техникалық, қосымша білім алу салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; қалада білім жүйесінің жұмыс істеуін және оның әлеуметтік қорғалуын мемлекеттік қамтамассыз ету; қалада білім беруді дамытудың ұзақ мерзімді болашақ жоспарларын іске асыру мен өңдеуге ат салысу.
Мәдениет мекемелері қарауына жататын ведомствалардың қызметін үйлестіреді: кітапханалардың, клуб мекемелерінің. Мәдениет мекемелері қарауына жататын ведомствалардағы төтенше жағдайларды тоқтату, өрт қауіпсіздігін қамтамассыз ету сұрақтарын бақылайды. Облыстық және қалалық шаралар дайындығына қатысады.
Жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуы мен қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған, ҚР жер заңнамасын қамтитын іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды. Жер құрылысы процессі жұмыстарын ұйымдастырады.
Қоғамдық тамақтану мен сауда мекемелерінің жұмыстарына талдау және болжам жасау; қала базарларын, сауда базарлары қызметі мекемесінің Ережесіне сәйкестендіру,бірінші қажеттілікке жататын азық-түлік тауарларына, мұнай өнімдері мен дизель бөлшек және топтама бағаларына мониторинг жасау.
Спартакиада, облыстық халықтық спорт ойындарын,балалар спорт ойындарын ұйымдастыру. ҚР мемлекеттік мерекелеріне арналған спорттық-ойын бағдарламаларын өткізу мен дайындық жұмыстарын жүзеге асырады.
Легенда:
- Раздел ЦЭУ
- Ссылка на внешний ресурс
- Интерактивная или информационная услуга